Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Амстердамның кешірім сұрайтын ойы да жоқ. Түркияның Еуропамен кезекті текетіресі.

AstanaTV
18.03.2017ж. 20:00
1417
Амстердамның кешірім сұрайтын ойы да жоқ. Түркияның Еуропамен кезекті текетіресі.

Ал Түркия Батыс әлемімен текетіресін тереңдетіп жатыр. Осы аптада Түркия Нидерландпен арадағы дипломатиялық қатынасты тоқтатып, голланд дипломаттарына әуе кеңістігін жапты. Анкара, «Нидерланд жәй ғана кешірім сұраумен кешірілмейді» деп отыр. Алайда кешірім сұрайын деп отырған Амстердам жоқ. Тіпті сәрсенбіде өткен парламент сайлауында бұл текетірес партияларға көзір бола кетті. Қазіргі үкімет басшысы Марк Рютте басқаратын «Бостандық пен демократия үшін халықтық партиясы» парламенттегі 150 орынның 33-ін алып, тағы жеңіске жетті. Рютте үкіметі Түркия шенеуніктерінің Нидерландқа барып, сондағы түрік диаспорасына Түркия президентінің билігін арттыруын жақтап дауыс беруге үгіттеуіне жол бермеген – Түркия СІМ Мевлет Чавушоглу мінген ұшақты Роттердамдағы әуежайға отырғызбай, оның орнына барған Отбасы және әлеуметтік саясат министрі Фатма Бетюль Сайян Каяны елден шығарып жіберген.
Түркияның бет-бейнесі шапшаң өзгеріп бара жатқаны негізі, өте күрделі, әрі назар аударатын мәселе. Және бұл, тек сол мемлекеттің ішкі мәселесі емес. 

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

Соңғы жарты жылда Түркияда бір науқан басталды. Бұл президенттік мемлекет болу. Ердоғанның саясаты – алдындағы президенттердің жүргізген саясатын өзгертіп, өзімшіл, авторитарлық жүйе орнату... Сайлауалды, референдум алды науқан. Ұпай жинау. Жақтастарын көбейту.... Алманияда, Голландияда ірі тұрік диаспоралары бар. Сол жерлерде оқыған. Олардың да қолдауын алғысы келеді... Бірақ Түркия басқа мемлекеттермен ұзақ уақыт дүрдараз болып қала алмайды.