Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанадағы жолдарды жөндеуге 5 млрд теңге бөлінеді

AstanaTV
29.03.2016ж. 20:00
1601
Астанадағы жолдарды жөндеуге 5 млрд теңге бөлінеді

Астанада бар болғаны бір айдын ішінде жүзден астам көше жөнделуі тиіс. Қала әкімінің тапсырмасынан кейін арнайы тексеріс жүріп, Елордада 117 көшенің беткі қабаты бүлінгені анықталған. Жол құрылысы және жөндеу бөлімінің басшысы Асқар Исақовтың айтуынша, оның 93-не шұңқырладарды жөндеу жұмыстары, ал 23-не орта деңгейлі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Осы жұмыстарға қала бюджетінен 5 миллиард теңге бөлінген. Ал былтыр ғана жаңа асфальт төселіп, бірақ бір жылға шыдас бермеген жолдарды мердігерлер жөндейтін болады. Ал жүргізушілер көлікпен жүруден қалғандарын айтады.

Көшенің жағдайы өте жаман. Көлігіме зақым келеді деп, бұл көшемен жаяу жүрем.

Жыл сайын жасайды, еш нәтиже жоқ.

Асқар Исақов, Астана қаласы жол құрылысы және жөндеу бөлімінің басшысы:

Орта жөндеу жұмыстары жүргізілген көшелер былтырғы, бірақ биыл ақаулық шыққандарға мердігер компаниялар өз қаражаттарының есебінен қайта жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Оған мемлекеттің қаржысы бөлінбейді. Өйткені олардың 3 жыл мерзімде кепілдік уақыттары көрсетілген.

Көктем келісімен Бараев-Республика көшесінің қиылысындағы жер асты өткелінде су ағып, қабырғасы қираған. Жолға жауапты органдар және "Астана Су арнасы", судың қайдан келіп жатқанын анықтау үшін, тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл өткелдің үстінде 8 жолақты жол жүріп жатқандықтан, мамандар кенеттен пайда болған су үлкен қауіп төндіруі мүмкін деп отыр. 

Берік ХАСЕНОВ