Негізгі / Жаңалықтар / OPEК-ке кірмейтін елдер мұнай өндірісін шектеу бойынша талаптарды 64% орындаған

OPEК-ке кірмейтін елдер мұнай өндірісін шектеу бойынша талаптарды 64% орындаған

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына кірмейтін мемлекеттер қара алтын өндірісін едәуір азайтты. Яғни өндірісті шектеу бойынша жоспарлы меженің 64 пайызын орындаған. Бұл туралы Кувейттің энергетика министрі Иссам аль-Марзук мәлімдеді. Еске салайық, тиісті заң биылғы жылдың басынан күшіне енген.

Оған сәйкес, ОПЕК-ке  кірмейтін мемлекеттер өндірісті тәулігіне 558 мың баррельге дейін қысқартуға міндетті. Ресей тәулігіне 300 мың баррель, Бахрейн, Бруней, Экваторлық Гвинея және Малайзия 54 мың баррель қара алтын өндіруі тиіс. Қалған мөлшер Мексика, Оман, Әзірбайжан, Қазақстан, Судан мен Оңтүстік Суданға бөлінген. Ал ұйымға мүше елдер екі ай ішінде өндірісті шектеу бойынша қойылған талаптарды орындады. Алайда бұл бастама мұнай нарығында оң нәтиже берді деп айту ерте, - дейді сарапшылар.