$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Некеде тұрғандарға несие берудің жаңа ережесі күшіне енді

AstanaTV
02.09.2024ж. 10:17
209
Некеде тұрғандарға несие берудің жаңа ережесі күшіне енді

1 қыркүйектен бастап елімізде заңды некеде тұрған азаматтарға ақшалай несие берудің жаңа ережелері күшіне енді, деп хабарлайды El.kz.

Қаулыға сәйкес жұбайының қарыз немесе микрокредит беруге келісімін алу қағидалары бекітілді. Яғни, несие шартына қол қоймас бұрын банк клиенттің некесі тіркелгендігі туралы ақпаратты алдын ала тексереді. Мәлімет расталып, несие сомасы белгіленген шектен асып кетсе, кредитор жұбайының келісімін алуға міндетті. Мұндай қарыздың ең төменгі мөлшері 1000 АЕК, яғни, 3 млн 692 мың теңгені құрайды. Ал жұбайының келісімінсіз берілген қарызды кредит беруші есептен шығаруға міндетті.