Танымал продюсер Баян Мақсатқызы жақында ғана өмірге келген қызы Алмаға ұлттық киім кигізіп, ерекше фотосессия жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бүгін бізде Алмушаға арналған фотосессия, бірақ ол суретке түсуді қаламай тұрған сияқты. Көңіл күйі жоқ", - деді ол желіде жариялаған видеосында.
Баян Мақсатқызының қызы Алма жиі мазасызданатын сияқты. Мұны продюсердің мына сөзінен байқауға болады.
"Алғаш рет фотосессия жасайтын кезде қызым мазасызданып, фотосессияны кейінге қалдырып едік. Бүгін қызымды сурретке түсіріп болған соң жұмысқа кетіп барамын. Алматыда ауа райы біртүрлі болып тұр екен", - дегенінен байқауға болады.