Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда құрастырылған тұңғыш электромобильдің болашағы бұлыңғыр

AstanaTV
29.03.2017ж. 20:00
2763
Қазақстанда құрастырылған тұңғыш электромобильдің болашағы бұлыңғыр

Қазақстанда құрастырылып жатқан электромобиль екі-үш айдан соң жолға шығуы мүмкін. Бірақ оны жасаған мамандар қалталылар ғана мінетін автомобильдің болашағына күмәнмен қарап отыр.

Электр қуатымен жүретін машинаның сапасына баға беруге де асықпайды. Құрастырушылар отандық тұңғыш электрлі көлікті жасауға 50 млн теңге жұмсалғанын айтады. Сондықтан техника дайын болған соң, бағасына қарап-ақ тұтынушының теріс айналуы мүмкін екенін жасырмайды. Бірақ инженерлер түптің түбінде осындай көлікке деген қызығушылықтың артарына сенімді. Айта кетейік, екі жыл бұрын отандық «Тесладан» елеулі кемшіліктер табылды. Жобалушылар оны қайта жетілдіруге кіріскен болатын.

Таир Балбаев, электромобиль құрастырушы:

Біз үшін басты кедергі - арнайы құрастыру қондырғылары мен станоктардың жоқтығы. Сондықтан көлік қолдан жасалады. Бірінші матрицасы, ал кейіннен оның көшірмесі алынады. Бұған көп уақыт керек.  Жалпы жоба Қазақстан үшін таңсық. Ал коммерциялық тұрғыдан қарағанда, оның өзін ақтай қоюы екіталай. Десе де электромобиль - біздің болашағымыз, және оған сұраныс артады деген үміттеміз.  

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ