Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қытай әлемдік компанияларды сатып ала бастады

AstanaTV
29.03.2017ж. 20:00
2084
Қытай әлемдік компанияларды сатып ала бастады

Қытай әлемдік деңгейдегі компаниялардың акцияларын жаппай сатып ала бастады. Мамандар Аспан асты елі 10 жыл бойы осы бағытты ұстанатынын айтуда. Бұл мақсатқа Бейжің жылына 275 млрд доллар бөлуді жоспарлаған. White & Case LLP мамандарының сөзінше, Қытай бұл қадамға тәуекелге бас тіге отырып барған.

Сонымен, 26-шы наурызда HNA Group Co, американдық Old Mutual Plc компаниясының 25% акциясын алу туралы келісімге келген. Құны 30 млрд 446 млн доллар. Өткен жұмада Zhonghong Zhuoye Group Co, SeaWorld Entertainment Inc компаниясының 21% акциясын алатыны мәлім болды. Енді Қытай американдық оператордың ірі акционерлерінің бірі болып отыр.

Ал өткен аптада ғаламтор гиганты  болып саналатын Tencent Tesla-ның 5 пайыз акциясын еншілеген. Әңгіме құны 2,2 миллиард долларды құраған 8 млн акция жайында болып отыр.