$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді

Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді

Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді. Халықаралық кинология федерациясы қазақ тазысын ресми түрде ит тұқымы деп тану туралы шешім қабылдады. Федерация президенті Тамаш Яккель бұл күнді тарихта қалатынын тілге тиек етіп, қазақстандықтарды құттықтады. Ол алдағы 10 жылда иттердің денсаулығына көптеген тест сынамалары жасалып, тазы күшіктеріне статистика жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ федерация тарапынан оның жүйелі дамуы бақыланып отыратыны да ескертілді. Айта кетейік, 2022 жылы Мемлекет басшысы тазының тұқымын сақтау, оны халықаралық деңгейде танытуды Президент Іс басқармасы қарауына тапсырған болатын.