Мемлекет кеңесшісінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Ерлан Қарин жиында Президенттің салық саласын цифрландыруға және шаруаларға несие беру үшін банктерді субсидиялау тәжірибесін қолға алуға, салық режимдерін оңтайландыруға және басқа да бастамаларға қатысты Жолдауда айтылған тапсырмаларын тиімді орындау сыбайлас жемқорлыққа қатысты сын-қатерлерді барынша төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Тұжырымдаманы іске асыру аясында бірқатар кешенді шара қабылданды. Оның ішінде негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлайтын адамдарды қорғау тәсілдерін күшейту, қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру және басқа да мәселелер бар.