$454.98 €509.53 ₽5.37

Жаңбыр, қар, көктайғақ: дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр, қар, көктайғақ: дауылды ескерту жарияланды
Фото: pixabay

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, ауа райы құбылмалы болатынын хабарлайды

«Қазгидромет» мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ал солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Мамандар жел күшейіп, тұман түсетінін ескертеді. Кей аймақтарда күндіз ауа температурасы +22 °C-қа дейін көтерілуі мүмкін.

Астана

6 қазан: Ауа райы құбылмалы бұлтты, оқта-текте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +1...+3 °C.

Алматы

6 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7 °C, күндіз +14...+16 °C.

Шымкент

6 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең туман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5 °C, күндіз +15...+17 °C.