$454.98 €509.53 ₽5.37

“Алтын доп” кімге бұйырады?

06.10.2026ж. 04:42
“Алтын доп” кімге бұйырады?
Фото: ferdel99/depositphotos.com

2026 жылғы «Алтын доп» марапатына үміткер ТОП-30 футболшының есімдері белгілі болып, футбол әлемінде бас жүлдеге талас қыза түсті, деп хабарлайды Astana TV.

France Football журналы мен УЕФА-ның ресми мәлімдемесіне сәйкес, биылғы шара жүлденің 70 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр және салтанатты рәсім алғаш рет 26 қазанда Лондон қаласындағы «Паладиум» театрының сахнасында өтпек.

Биылғы тізімнен Криштиану Роналду тағы да тыс қалса, «Реал Мадридтің» жұлдыздары (Мбаппе, Винисиус, Беллингем) өткен маусымдағы тұрақсыздық пен Әлем чемпионатындағы сәтсіздіктеріне байланысты бас бәсекеден сәл кейін шегінді.

Қазіргі уақытта халықаралық сарапшылар мен Polymarket болжам нарығының басты назары екі феноменальды футболшының текетіресінеауып отыр. Қос фавориттің алғашқысы - «Бавария» сапында Бундеслига мен Германия кубогын жеңіп, клуб пен құрама деңгейінде маусым бойы 73 гол соққан Харри Кейн (мүмкіндігі 44% - 50%).

Оған басты бәсекелес ретінде Испания құрамасымен бірге 2026 жылғы Әлем чемпионатын жеңіп алып, турнирдің үздік ойыншысы атанған Ламин Ямаль (мүмкіндігі 43% - 44%) шықты.

ESPN басылымының соңғы талдауы да бұл екеуін Эрлинг Холанд пен Майкл Олисемен бірге ең лайықты төрттікке қосып, бас жүлдеге негізгі үміткер ретінде қарастырады.

Лондондағы мерейтойлық кеште бас жүлдеден бөлек, Давид Райя мен Тибо Куртуа сынды үздіктер таласатын қақпашыларға арналған Яшин жүлдесі және Луис де ла Фуэнте мен Микель Артета арасындағы үздік бапкераталымының да жеңімпаздары анықталады.