$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Қостанай облысында мектептің қабырғасы опырылып түсті

AstanaTV
08.09.2024ж. 07:40
90
Қостанай облысында мектептің қабырғасы опырылып түсті

Қостанай облысында мектептің қабырғасы опырылып түсті. Жергілікті әкімдік пен мердігер ұйым өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл мектепте 300-ден астам оқушы білім алады. Абырой болғанда, мектептің 3-қабаттағы қабырғасының бір бөлігі сенбіде қирап қалған. Бұл күні оқушылар демалыста болды.

Қостанай облыстық әкімдігі қоғамдық басқару басқармасының мәліметінше, мектепте балалар мен мұғалімдер болған жоқ, зардап шеккендер жоқ.