$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Маңғыстауда уланған оқушылар саны 140-тан асты

AstanaTV
08.09.2024ж. 12:52
200
Маңғыстауда уланған оқушылар саны 140-тан асты

Маңғыстауда уланған оқушылар саны 140-тан асты, - деп хабарлайды Lada.kz тілшісі.

Бесшоқы ауылында оқушылардың жаппай улану оқиғасы тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша, 141 бала медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 82 оқушы емханада емделіп жатыр, 43-і үйде дәрігерлердің бақылауында, ал 16 бала ауруханаға жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық қажетті дәрі-дәрмек пен төсек-орын жабдықтары жеткілікті мөлшерде бар екенін хабарлады. Жедел жәрдем бригадалары халыққа шұғыл көмек көрсету үшін толық құрамда жұмысын жалғастырып жатыр.

Бұған дейін Бесшоқы ауылының №8 мектебінде бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары асханада жаппай уланғаны хабарланған болатын.