$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Темекісін сөндіруді ұмытып кеткен Хромтау тұрғыны өртеніп кете жаздады

AstanaTV
09.09.2024ж. 13:23
489
Темекісін сөндіруді ұмытып кеткен Хромтау тұрғыны өртеніп кете жаздады

Хромтау қаласының тұрғыны сөндірілмеген темекіден арқасын күйдірді.

Әуезов көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің 4 қабатында болған. Пәтерде 2 шаршы метр аланда матрас жанды. Өртті өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін, өз күштерімен сөндірді. 2 дәрежелі термикалық арқа күйігін алған 1961 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді, ол тексеруден кейін үйге жіберілді.

Өрттің алдын – ала себебі-темекі шегудің абайсыздығы. ТЖМ ешқашан темекімен төсекке жатпауды, темекі шегетін орынды күлсалғышпен жабдықтауды, өз өміріңді қорғауды сұрайды!