$455 €492.13 ₽5.94
×

«25 жыл: бір ел, бір тағдыр» акциясына қатысушылар саны артып келеді

AstanaTV
11.03.2016ж. 20:00
1656
«25 жыл: бір ел, бір тағдыр»  акциясына қатысушылар саны  артып келеді

«25 жыл: бір ел, бір тағдыр» патриоттық акциясы жалғасуда. Шара басталғалы бері  3 апта өтті,осы уақытта 103 мыңнан астам адам әлеуметтік желідегі аватарын ұлттық нақышқа безендіріп үлгерген. Олардың қатарында шетелдердегі интернет қолданушылар да бар. Белсенділер Ресей,  Украина, Қырғызстан, АҚШ, Еуропа елдері мен Қытайда көп тіркелген. «еl.kz» сайтында аватардағы суретті ұлттық нақышқа ауыстырудың 16 түрі ұсынылған. Статистикаға қарағанда, әлеуметтік желідегі суретін өзгертуді қалаушылардың дені 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтар.

Айгүл Шерниязова, «el.kz» сайты маманы:

Бір қызығы әйелдер қауымы ерлерге қарағанда аватарын екі есеге көбірек безендіреді екен. Бүгінге келіп түскен мәлімет бойынша, 68 пайыз әйелдер, 31 пайызы ер азаматтар. Тағы бір айта кетерлігі қолданушылар өз аватарларын біздің сайтқа ұялы телефон арқылы кіріп безендіреді.

 Құралай ПИОНЕР

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах