Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

ЕХРО көрмесіне келетін қонақтарды қостанайлық автобустар тасымалдайды

AstanaTV
05.04.2017ж. 20:00
2403
ЕХРО көрмесіне келетін қонақтарды қостанайлық автобустар тасымалдайды

Қазақстан Өзбекстанмен көлік өндірісінде бірлесіп жұмыс істемек. Өзбек басшысының Қазақстанға ресми сапары кезінде  "УзАвто" кәсіпорынымен құны 5,5 млрд теңге болатын келісім жасалған. Жеңіл көлік өндірісі биыл қолға алынбақ. Болашақта шығарылатын автокөліктің көлемін 3000-нан 7000-ға дейін арттыру көзделген. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты.

Ал Қостанайда құрастырылған автобустармен ЭКСПО көрмесіне келетін қонақтар тасымалданатын болады. Қазір аталған облыста жолаушылар тасымалына арналған көліктің 40, коммерциялық техниканың 10 түрі шығарылып жатыр. 1100-ге жуық маман еуро-5 экологиялық талабына сай көліктерді құрастыруға жұмылдырылған. Сондай-ақ, халықаралық көрме қарсаңында қытайлық серіктестермен бірлесе қолға алынған Jac  электромобилінің 12 данасы таныстырылады.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі: 

Біз биыл ЭКСПОға 400 автобус жеткіземіз. Астана ЛРТ-мен келісімшартқа отырдық. Оның 75 пайызының сыйымдылығы үлкен. Олар көрме барысында шетелден келген қонақтарды тасымалдайды. Ал ЭКСПОдан кейін елорданың жолаушылар тасымалы бағытында жұмыс істейтін болады.  

Инвестиция тарту бойынша ұлттық стартегияны жүзеге асыруда Қостанай облысы пилоттық өңір ретінде таңдалған. Сондықтан жергілікті билік 1,5 триллион теңгелік 24 жобаға инвестиция тартуды көздеп отыр.

Айбек ҚОСАН