Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Электр энергиясы тарифтері төмендеуі мүмкін

AstanaTV
05.04.2017ж. 20:00
2640
Электр энергиясы тарифтері төмендеуі мүмкін

Электр энергиясы тарифтері төмендеуі мүмкін. Бес жылдан соң. Ол үшін елдегі орта және ұсақ электр таратушы компаниялар саны қысқарады. Ірі компанияға бірігеді немесе жұмысын тоқтатады. Арадағы делалдар азайса, сәйкесінше, тарифке қосылатын үстеме де кемиді, дейді Үкімет мүшелері.

Бүгін мәжілісте электр энергетикасы туралы заңға енетін өзгерістер бірінші оқылымда мақұлданды. Қазір елде 160 электр таратушы компания болса, соның 99-ы жаңа заң талаптарына сәйкес келмейді. Оларға 5 жыл уақыт беріледі. Кезең кезеңімен, заңға сәйкес жұмыс жүйесін жолға қою керек. Жаңа технология, есептегіш құралдар, диспетчерлік байланыс, білікті мамандар тарту. Әйтепесе өз компаниясынан айрылады.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Өз мүлігін, желілерін, немесе подстанцияларын үлкен өңірлік компаняиларға не сататын болады не доверительный басқаруға  беретін болады, егер осы күшейтілген талаптарға сәйкес болмаса. Егер сәйкес болса, әрі қарай жұмыс істей береді.

Қазір Қазақстан бойынша жоғары кернеулі 2000 шақырым желі мен 600 трансформатор иесіз. Бұрын-соңды жергілікті билік демеуші тартып, оларды жөндеуге, бақылауға тырысатын. Жаңа редакцияда иесіз ток көздері жергілікті жердегі ірі компанияларға өтеді. Ол үшін ынталандыру ретінде иесіз нысан үшін төленетін жер салығы мен табыс салығынан босатылады.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Сот арқылы иесіз қалған объектілерді өз балансына алғызып, содан кейін өңірлік желілік компаниялардың балансына жіберетін болады. Ол мамандарды тартып, өз жағдайына қарап, объектілерді жөндейтін болады.