Мектепке
тиесілі телімнің бір бөлігінің жаңа қожайыны кім? Шымкенттің іргесіндегі
Мәртөбе ауылының тұрғындары қырық жылдан астам тарихы бар білім ошағының
қарауындағы баудың кенеттен жеке кәсіпкердің меншігі болып шыққанын түсінбей дал.
Ал жерге иелік еткендердің өз айтары бар. Тараптардың пікірін әріптесім, Айзада
Төребекқызы тыңдап қайтты.
Халықтың
бәрі көтеріліп жатыр қазір. Қалай бұл мектептің жерін сатып жібереді. Қай әкім
бұған шешім шығарды?!
Мәртөбе тұрғын алабының
тұрғындары № 27 орта мектептің аумағы 1500 шаршы метрге кеміп қалғанын жуырда
мектепке салынған қосымша ғимаратты қоршау кезінде бір-ақ біліпті. Айтуларынша, бұл
маңда қырық жылдан астам тарихы бар мектепке тиесілі аллея болған.
Валентина Лапшина:
Бұл жер бұрыннан мектептің
жері, балалар ойнайтын. Білуімше, бір кәсіпкер бұл жерді біраздан бері жекешелендіріп алған. Енді серуендемек
тұрмақ, үйімізге өте де алмай отырмыз.
Қырық жылдан астам аталған
мектепке еңбегі сіңген ардагер ұстаздар өздері еккен талдың суреттерін айғақ
ретінде көрсетті. Ауыл
биінің айтуынша, мектептің қазіргі басшысы әлеуметтік нысанның нақты аумағын
білмейтін де секілді. Тіпті оның шаруашылық жөніндегі орынбасары да қол қусырып
отыр.
Завхоз: Бұның бәрін шешкен ауыл
әкімі мен біздің директор еді. Мені даже жолатқан да жоқ...
Оразалы Кенжебеков, Мәртөбе тұрғын алабының биі:
Қалай, бұл земпроект бермей, шешім шығарылады? Қалай ол беріледі? ГосАКТ қойылып жатқан кезде согласование алмайды ма?
Айта кетейік, Мәртөбе тұрғын алабы 2014 жылға дейін Сайрам ауданына қараған. Жерге иелік еткен кәсіпкердің сөзіне сенсек, ол бұл жерді 2006 жылы ауыл әкімінің шешімімен ұзақ мерзімге жалға алыпты.
Рашид, кәсіпкер:
В
свое время, Адраманов Турсын был здесь акимом. В то время детские площадки
здесь ставили, если вы знаете. Он попросил,
возьми в аренду, сделай здесь детскую площадку.
Тұрғындар талабына сәйкес шу шыққан жерге
шенеуніктер де жетті. Жауаптылар мәселені бақылауға аламыз деп әдеттегі
жауабынан танбады. Бұл кезде ойын
алаңқайын саламын деген кәсіпкер райынан
қайтып, жерді мемлекетке қайтаратынын хабарлап та үлгерді.
-Мемлекет меншігіне өткіземін деп, ГосАКТ-ні қосып өткізесіз...-Земкомға өкізеді ғой сонда? -Қаланың әкіміне, фронт офис арқылы өткізесіз. Болды. -Бұны енді кім қадағалайды? -Зем.комитет. Біз қадағалаймыз.
Бір қызығы мектеп маңындағы телімнің бір бөлігіне тағы бір қожайын табыла кетті. Өзін Бахадыр Мұсаевпын деп таныстырған азаматтың айтуынша, ол 2004 жылы заңды түрде құжат рәсімдепті. Тек осы уақытқа дейін үнсіз жатуын қаржының болмауымен байланыстырды.
Бахадур Мусаев:
Осы уақытқа дейін дәріхана салуға қаржы болмады. Осындағы қарт кісілер тегін қан қысымын өлшетіп, тегін екпе жасатса, арзан бағада дәрілерін алса, халық деген ойым болған. Енді мен де бұл жерді қайтара саламын деп отырмын.
Айзада Төребекқызы, тілші:
Материал эфирге әзірленіп жатқан сәтте қос кәсіпкердің бірі, яғни Бахадыр Мұсаевтың заңды түрде өз жерін мемлекет пайдасына кері қайтарғаны туралы хабар алдық. Ал жерді ұзақ мерзімге жалға алған кәсіпкер бүгін-ертең мәселеге нүкте қоятыны белгілі болды. Осылайша, тұрғындарды әрі-сәрі қылған жер дауы бір шешімге келгендей.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ