$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ресей мен Қытай Сириядағы химиялық шабуылды зерттеуге қатысты БҰҰ-ның қарарын бұғаттады

AstanaTV
06.04.2017ж. 20:00
2134
Ресей мен Қытай Сириядағы химиялық шабуылды зерттеуге қатысты БҰҰ-ның қарарын бұғаттады

Ресей мен Қытай Сирияның Идлиб аймағында болған химиялық шабуылды зерттеуге қатысты БҰҰ-ның қарарын бұғаттады. Химиялық қаруға тиым салатын одақ қажетті ақпарды жинай бастаған. Осыны алға тартқан Ресей тарапы оқиға орнына сарапшыларды жіберетінін мәлімдеді,- деп хабарлайды Рейтерс.

АҚШ пен Ұлыбритания бастаған бірқатар мемлекеттер 72 адамның өмірін қиған химиялық шабуылға Башар Асадтың жақтастары кінәлі деген пікір білдірген. Алайда, Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі мұны құптамайды. Al Jazeera арнасы мен Түркияның Anadolu агенттігі шабуыл салдарынан кем дегенде 100 адам мерт болып, 500-дейі түрлі дәрежеде жарақат алды деп ақпар таратқан. Бейбіт тұрғындарға қандай химиялық заттың шашылғаны, және улы газды қай елдің ұшағы шашқаны әзірге белгісіз күйде қалып отыр.