$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысы тұрғынының үйінен арыстан мен жабайы құстар тәркіленді

Түркістан облысы тұрғынының үйінен арыстан мен жабайы құстар тәркіленді

Түркістан облысының тұрғыны өз үйінде арыстан асыраған. Жыртқыш аңды қолда ұстаған азаматтың заңсыз әрекетін облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтады. Сарыағаштық азамат абадан мен сирек кездесетін құстарды ауласында бір жылдан бері торға қамап ұстаған. Жасы жетпістен асқан зейнеткердің оларды нақты қандай мақсатта баққаны қазір анықталып жатыр. Тергеу барысында кінәсі дәлелденсе, 3 мың Айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

ГҮЛНАР ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жедел уәкілдер Сарыағаш ауданы тұрғынының үйін тексеру жүргізіп, бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі мен екі кекілік құсын тәркіледі. Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырап отырғанын жеткізді. Бүгінгі таңда осы факті бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.