$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту туралы заң жобасы таныстырылды

Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту туралы заң жобасы таныстырылды

Мәжілісте Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту туралы заң жобасы таныстырылды. Қазір қаланың сәулеттік келбетіне тек сыртқы жарнама емес, сондай-ақ маңдайшалар мен нұсқаулықтардың ретсіз орналастырылуы зиян тигізуде. Ұлттық Экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, жаңа құжат арқылы 1 кодекс пен 6 заңға түзету енгізіледі. Заң жобасы жер қатынастары, құрылыс, жарнама, экология және басқа да салалардағы мәселелерді шешуге бағытталған. 

БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Сыртқы жарнамаларды жолдар мен көшелерді бояу арқылы орналастыру, яғни мынау асфальттың бетіне орналастырылған жарнамалар да қаланың келбетіне өзінің эстетикалық теріс әсерін тигізіп отыр. Сондай-ақ, қаланың келбеті нашарлауына қоғамдық орындардағы аудио жарнаманың кең таралуы да себеп болып отыр.

Вице-министрдің мәліметінше, бұл әрекеттер заң бұзушылыққа жатпайды. Заңнамада ешқандай әкімшілік шара көрілмеген. Сондықтан қаланың бұл мәселелерін шешу үшін заңнамалық өзгерістер ұсынылды. Жаңа құжатта аталған мәселелерге тыйым салу қарастырылған.