$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Солтүстік Қазақстанда бір отбасы иіс тиіп, ауруханаға түсті

12.09.2024ж. 20:00
216
Солтүстік Қазақстанда бір отбасы иіс тиіп, ауруханаға түсті

Солтүстік Қазақстанда бір отбасы иіс тиіп, ауруханаға түсті. Арасында екі бала бар. Оқыс оқиға Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде пеш мұржасының бітелуінен болған. Дәрігерлер ересектерді тексеріп, ем тағайындады. Ал 8 және 12 жастағы балалар стационарға жатқызылды. Қазір олардың жағдайы тұрақты. Айта кетейік, өңірде биыл көмірқышқыл газынан улану салдарынан 20 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапқан.