$494.87 €520.65 ₽4.91
×

“Ақша ұрлаттық, паспорт жоғалттық, билетіміз күйіп кетті“. Роза Әлқожа саяхаты туралы айтты

AstanaTV
12.09.2024ж. 22:43
359
“Ақша ұрлаттық, паспорт жоғалттық, билетіміз күйіп кетті“. Роза Әлқожа саяхаты туралы айтты

Танымал әнші Роза Әлқожа Еуропаға саяхаттағанда тап болған қиындықтары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Кеш жарық! Әдемі сәттер көп болсын! Алматы-Ыстамбұл-Венеция-Котор-Миконос-Санторини-Анкона-Венеция-Милан-Венеция-Милан-Үргеніш-Ташкент-Алматы сапары түрлі қызықтарға толы болды. Төрт апа, бір ата, бір бала, бір бойжеткенмен бірге он сағат жол жүріп жеткен Венециядағы алғашқы әсер, судағы қаланы аралау, гандоласына міну ерекше болды! Грецияның қалаларын аралағанда да ел көрген – бәрібір көкжиегіңді кеңітетінін сезінесің. Өзге елдің тұрмыс-тіршілігі, еркіндігі өз-өзіңнен зерттеу мен зерделеуге мүмкіндік береді. Алланың қалауымен бәрі де болды", - деп жазды әнші әуелі саяхаттың жақсы тұсы туралы айтып. 

Содан кейін саяхат кезінде күтпеген жағдайға тап болғанын айтты.

"Миконоста ақшамызды ұрлаттық. Венециядан ұшқалы тұрғанда бір-бірімізге сеніп, паспортымыздың Миланда қалып қойғанын түсіндік. Алған билетіміз күйіп кетті, жолаушылар кетті, біз қайта Миланға пойызбен бара жаттық. Енді үйге аман-есен жетуге нәсіп етсін!", - деп жазды Роза Әлқожа.