Әлем елдері табиғи апаттан зардап шегіп отыр. Оңтүстік Нигериядағы алапат тасқыннан 1 миллион адам жапа шеккен. Қазір олар үй-күйсіз далада қалды. Бұл – бір ғана оқиға. Өзге мемлекеттерде де жағдай осыған ұқсас. Толығырақ Аружан Задабек айтып береді. Эфирде «Жер-жаһан» айдары.
Қайырлы кеш, көрермен! Алдағы бірнеше минутта әлем тынысынан сыр шертеміз. Экраннан алыстамаңыз! Нигериядағы су тасқыны біраз халықты әбігерге салды. Табиғи апатқа толассыз жауған жауын себеп болған. Жаңбыр тек үй мен жолды шайып кетпей, хайуанаттар бағын да қиратыпты. Ондағы қолтырауындар мен жыландар да су астында қалған. Билік қазір жағдай ауыр, - дейді. Олар бұл штаттағы соңғы екі онжылдықтағы ең ауыр су тасқыны екенін айтты..
Суданда да жағдай осыған ұқсас. Мұнда 300 мың адам зардап шеккен. Мұндағы билік оқиғаның тағы қайталануы мүмкін екенін айтады.
АБАН КВАРВАНГИ, ТҰРҒЫН:
Бұл біз үшін қиын болды. Тамақ табу қиын, базарда ештеңе жоқ. Жұмыс таба алмаймыз. Балаларымызды асырай алмай отырмыз.
Вьетнамда "Яги" тайфунынан қаза тапқандар саны 200 адамға жетті. Тағы 59 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Ханойдағы Қызыл өзен суының деңгейі сағат сайын 10 сантиметрге көтеріліп жатыр. Қаладағы жағдайға байланысты мектептерде сабақ тоқтады. Ал өзенге жақын жерде тұратын мыңдаған тұрғын эвакуацияланды.
АНУРАК ПРАВАНГ, САВАНГ КИРИ ҚОРЫ ЖЕТКІЗУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Ағыс өте қатты. Эвакуацияланбаған тұрғындар әлі де бар. Жағдай ушығып тұр. Тұрғындар аса сақ болуы тиіс.
Өзге де тақырыптарға ойысайық. Әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 5 миллионнан асты. 2,5 млн адам 1,5 жыл ішінде қайтыс болған. Ал қалған 2,5 млны шамамен 8 айдың ішінде өмірден өтті. Ауырып өмірден өткендердің көбі Оңтүстік Америкадан. Құрметті көрермен, бүгінге осы. Келесі аптада жүздескенше! Әлем тыныш болсын!