Ақтөбе қаласы маңында тасқын болуы мүмкін бірнеше елді мекен бар. Қала билігі оларды ерекше бақылауға алды. Соңғы тәуліктерде күннің күрт жылынуы қауіпті арттырып отыр. Құтқарушыларға мыңға жуық қоңырау түскен. Мамандар екі жүз елуден астам тұрғын үй мен саяжайларды су басудан аман алып қалды. Ал «Нұр Ақтөбе» ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын құбыр салынды. Сазды өзенінің аңғары кеңейтілген. Шенеуніктердің айтуынша, биыл қала аумағынан 700 мың текше метрге жуық қар шығарылған. Бұл жұмыстарға бюджеттен 450 миллион теңге бөлініпті. Су тасқыны бола қалған жағдайда халықты орналастыру үшін 4 мектеп белгіленіп отыр.
Нағымжан Алдияров, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары:
Инертті
материалдар жеткізілді. Жалпы селдің жүруі кеше басталды. Осы ж еті, толығымен,
әлі далалықта қарлар бар, сондықтан оы жеті толығымен жүретін болады. Барлығы
қауіпті деген аумақтарға күшейтілген техникалар қойылды. Түнгі кезекшілер бар.