Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстан газы заңсыз шекара асып жатыр

AstanaTV
10.04.2017ж. 20:00
3475
Қазақстан газы заңсыз шекара асып жатыр

Қазақстан мен көрші елдердегі газ бағасының айырмасы жер мен көктей. Сондықтан газ контрабандасына жол беріліп отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің басшысы Зияш Қияқбаев мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, Ресейде сұйытылған газдың көтерме бағасы тоннасына 125 мың теңге, ал Тәжікстан нарығында 107 100 теңгені құрайды. Ал біздегі баға тоннасына 31 360 теңге. Мамандардың айтуынша, бұл ішкі нарықты газбен қамтып отырған өндірушілер үшін тиімсіз. Онда газ өндірудің өзіндік құны тоннасына 32 мың мен 47 мың теңге аралығында. Министрлік келесі жылдан бастап сұйытылған газ бағасын мемлекеттік реттеуден алып, еркін саудаға шығаруды жоспарлап отыр.

Зияш Қияқбаев, ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры:


Біз оған кезең-кезеңімен өтетін боламыз. Ол 2-2,5 жарым жыл уақытты алады. 2018 жылы бастап 80-де 20 пайыз есебімен жүреді, яғни 20 пайызы нарық бағасымен сатылады. Кейін 50 де 50, соңғы жылы 100 пайыз мемлекеттік реттеуден алынады. Біздің жоспарымыз осындай. Бұған өзгерістер де енуі мүмкін.