Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Аймақ кәсіпкерлері бизнестің қыр-сырымен бөліседі

AstanaTV
10.04.2017ж. 20:00
1994
Аймақ кәсіпкерлері бизнестің қыр-сырымен бөліседі

Қызылордалық кәсіпкерлер жастармен кездесіп, бизнестің қыр-сырымен бөлісті. Мұндай мүмкіндікті "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалы жасап отыр. Ел экономикасына үлес қосып отырған азаматтардың айтуынша,қазір кәсіп ашуға ең қолайлы уақыт. Өйткені мемлекет қолдауы орасан. Мәселен, ауылдағы ағайын жеңілдетілген несиелерге қол жеткізе алады. Тәжірибесі немесе арнайы білімі жоқ, бірақ ниеті бар жастар үшін Кәсіпкерлер палатасында тегін семинар-тренингтер, курстар өткізілуде. Бүгінгі шараға келгендер жастарды қолдауға әзір екенін айтты. Құрылыс саласындағы беделді компаниялардын бірі - жабдықтау мекемесі салатын тұрғын үйлер мен мектептердің құрылыстарына араласқан  талапты жастар кейіннен өз істерін ашқан.

Алтынбек Сүйентаев, жабдықтау мекемесінің басшысы:

Оқу бітірген жастарды қасымызға жұмысқа алып, бір жыл көлемінде үйретіп, қазір осы өз кәсіптері дөнгелетіп, өздері қазір осындай фирма ашып құрылыс мекемелерін ашып, істеп жатқан азаматтар бар. Қазірдің өзінде біз бес баланы тәрбиелеп жатырмын, біреуі қазір начальник участка болды-үш жылдың ішінде начальник участкаға дейін көтерілді. 

Талғат Тілесов, "Жас Отан" ЖҚ Қызылорда қалалық филиалының басшысы:

Кәсіпкерлікті даму барысында, әсіресе айти саласы бар, осыларды менгеруге жастардын бизнеске бет буруы жақсы. Соңдықтан осы кездесудің барысында олар сұрақтарына жауап алып және алдағы өзінің бизнесің жоспарлап жатқан жастарымызда бар.