Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыдағы «Ақкент» шағын ауданында наурыз атап өтілді

AstanaTV
10.04.2017ж. 20:00
4199
Алматыдағы «Ақкент» шағын ауданында наурыз атап өтілді

Алматыдағы «Ақкент» шағын ауданында тұрғындар «Наурыз мейрамын» айрықша атап өтуді дәстүрге айналдырған. Биыл да халық, күн жылына салысымен, Ұлыстың Ұлы күнін тойлауға жиналды. Бірнеше киіз үй тігіліп,  дастарханға наурыз көже мен ұлттық тағамдар қойылды. Дәмнен көпшіліктің ауыз тиюіне жағдай жасалған. Ал пәтер иелері кооперативі құрған сахнада Нұрлан Албан, Нұржан Керменбаев, Ұлықпан Жолдасов және «Өнер қырандары» театрының әртістері өнер көрсетті. Беташар, тұсау кесер, баланы бесікке салу сияқты ұлттық салт-дәстүрді шынайы насихаттау көрініс тапқан. Арқан тарту, күрес пен асық ату сияқты ұлттық ойыннан сайыс ұйымдастырылды. Мереке соңынан жасөспірім балалардан құрылған «Достар» футбол клубы доп тебуден турнир өткізді.

Әнуар Битанов, «Ақкент» шағын ауданының тұрғыны:

«Ақкент» - ауыл іспеттес, сырттан көп адам кіре қоймайтын, сыртынан қарағанда, кіші көрінгенімен, 30 мыңға жуық халық бар үлкен орда бұл жер.