$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда еріктілер 2 тоннадан астам қоқыс шығарды

16.09.2024ж. 20:00
443
Павлодарда еріктілер 2 тоннадан астам қоқыс шығарды

Павлодарда «Жасыл ел» жасағының белсенділері Усолка шағын ауданын күл-қоқыстан тазартты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында еріктілер 2 тоннадан астам қоқыс шығарды. Мақсат-тұрғындарды, жастарды экологиялық шараға шақыру. Өйткені, бізде қоқыс тастау мәдениеті қалыптаспаған. Табиғат аясында демалушылар өздері пайдаланған заттарды қалдырып кетеді. Сол себепті еріктілер қала тұрғындарын шаһарымызды таза ұстауға үндеу жасап келеді. 

АРИНА КРАСКОВА, ҚАЛАЛЫҚ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ШТАБЫНЫҢ КОМАНДИРІ:

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл ел» жасағының павлодарлық еріктілері 1000 қап, яғни 2 тоннадан астам қоқыс жинады. Оның ішінде бөтелке, пластик және өңделмейтін қоқыс бар. Павлодарлық штаб 30-дан астам экологиялық акция өткізді. Оған жалпы саны 2 мыңнан астам адам қатысты.