$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Түркістан облысында тағы да кісі өлімі тіркелді

Түркістан облысында тағы да кісі өлімі тіркелді

Түркістан облысында тағы да кісі өлімі тіркелді. Қайғылы жағдай бұл жолы Ақсукент ауылында болған. Әлеуметтік желіде видео тарады. Автордың айтуынша, жеңіл автокөліктің жанында сұлқ түсіп жатқан ер адам солардың соққысынан құлаған көрінеді. Бұл іске қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Бейнежазба авторының қайтыс болған жігітпен таныстығы бар- жоғы анықталып жатыр. Күдікті ретінде бір адам қамауға алынған. 

АСЫЛЖАН ҚАЛДАРБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жәбірленушінің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу жүргізілуде, оның аясында оқиғадағы әрбір қатысушының яғни 2 тұлғаның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.Сонымен қатар қылмысты жасырып қалу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Барлық мән-жайлар анықталуда.Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді.