$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Түркістан облысы Шардара ауданында екі баланы ит талады

Түркістан облысы Шардара ауданында екі баланы ит талады

Түркістан облысындағы Шардара қаласында екі баланы ит талады. 9-10 жастағы қыздар аудандық аурухананың хирургия бөліміне шұғыл жеткізілген. Оларға жарақатына байланысты ем тағайындалды, дейді дәрігерлер. 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

2014 ж. Қыз бала тәуліктік стационарда. Жағдайы орташа ауырлықта, ал 2015 жылғы қыз бала жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, күндізгі стационарда емін жалғастырады. Бүгінгі таңда жағдайлары тұрақты, емдеу протоколына сәйкес ем жүргізілуде.