$447.8 €516.76 ₽5.3
×

Досын 15 рет пышақтаған: Оқушылар неге жанжалдасты?

Досын 15 рет пышақтаған: Оқушылар неге жанжалдасты?
Фото: ашық дереккөзден

Семейде 13 жастағы екі сыныптас бір-бірін пышақтады. Достар серуендеп жүрген. Сөзге келіп қалып, пышақтасқан, – деп хабарлайды Astana TV

Қатты ауыр жарақат алған біреуі жақын маңдағы үйден көмек сұраған. Тұрғындар бірден жәрдемдескен. Оны ауруханаға жеткізіп, төрт сағатқа созылған операция жасалған. Дәрігерлер жасөспірімнің құрсақ қуысына пышақ кіріп кеткенін және бүйрегінің зақымданғанын анықтаған. Қазір оның жағдайы тұрақтанған, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Екінші жасөспірім де жеңіл жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Мектептің мәліметінше, екі бала бір сыныпта оқиды және жақын достар болған. Бұған дейін олардың ешқайсысы есепте тұрмаған. Жанжалдың нақты себебі әзірге белгісіз.