$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте жалдамалы пәтерден үндістандық екі студент өлі күйінде табылды

AstanaTV
18.09.2024ж. 23:32
383
Шымкентте жалдамалы пәтерден үндістандық екі студент өлі күйінде табылды

Қаза тапқандар 21 және 22 жастағы Үндістан азаматтары болып шықты. Олар Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының екінші курсында оқыған. Жігіттер үш отандасымен бірге баспана жалдап тұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастапқыда құқық қорғау органдары жастар табиғи газдан улануы мүмкін деп болжады, өйткені пәтерде газбен жұмыс істейтін су жылытқыш пен ас үй плитасы бар. Алайда, мамандар газбен жабдықтау құрылғыларында ешқандай бұзушылықтар жоқ екенін анықтады.

Қазіргі уақытта шетелдіктердің өлімі фактісі бойынша сот сараптамалары жасалып жатыр.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова ОКҚ-да өткен брифингіде осы жылы Үндістаннан келген көрші елдердің азаматтарынан тырысқақтың үш жағдайы тіркелгенін айтқан болатын.