Жыл басынан бері есірткі сатудың 1573 фактісі анықталды. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған Бас прокурор Берік Асылов айтты. Оның сөзінше 60-қа жуық есірткі зертханасы жойылып,13 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылған. Одан бөлек биыл прокуратура органдары жалпы құны 262 миллиард теңге, соның ішінде шетелден 205 миллион долларға бағаланған активтерді қайтарды. Сондай-ақ жалпы сомасы 450 миллиард теңгеге тең активтерді қайтару келісімі мақұлданды деді Бас прокурор.