$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Министр Астанаға газ қашан жетеді деген сұраққа жауап берді

AstanaTV
05.05.2017ж. 20:00
4257
Министр Астанаға газ қашан жетеді деген сұраққа жауап берді

Астанаға газ тартылғанның өзінде елордалықтардың қалтасын қаққалы тұр. Өйткені құны қымбатқа шығуы мүмкін. Бүгін Үкімет үйінде сұхбат берген Энергетика министрі осылай деп мәлімдеді. Астаналықтар аңсаған көгілір отын қашан келеді? Ал Қазақстан мұнай өндірісін 30 мың баррельге дейін қысқарта ала ма? Айгүл Әдепбай тарқатады.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Қазақстан қаңтар сәуір айларында 28 млн 210 мың тонна мұнай өндіріп, өндірісті арттырды. Дегенмен, баға құлдырап тұрған заманда әлемдік нарықтағы қара алтын көлемінің азайғаны тиімді біздің елге. Бізге мұнай бағасы 50 доллардан төмендемегені ыңғайлы екенін айтты энерегтика министрі.

Мұнайдың өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге төмендетуге келіскен Қазақстан келісімі маусымда аяқталады. Енді мұнай алпауыты Сауд Арабиясы бізден өндірісті қысқартуды жарты жылға немесе 9 айға ұзартуды сұрап отырған көренеді. Сонымен біз қара алтынды 30 мың беррельге азайта аламыз ба?

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Мен сізге бұл мәселе туралы нақты сұхбат бере алмаймын. Ол нарыққа жаман сигнал болады. Бізге тиімді болу керек. Жалпы дүниежүзі нарығында баланс болу үшін, осындай шектеу мәселелері қызу талқылау керек және тиісті шараларды қолдау керек.

Яғни өндірісті кеміту тиімді болғанмен, қандай да бір сандарды айту ерте. Бүгінде Бренд маркалы мұнай 48 доларға түсіп кетті баррелі үшін. Ал бізге қара алтын құны тым құрығанда 50 доллар шамасында тұрса, шүкір дейміз. Нақты шешім мамырдың 24-25-інде Венада өтетін ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің кездесуінде қабылдануы мүмкін. Айтпақшы, Қазақстан да қатысады бұл жиынға.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Екінші жартыжылдықта Қашағанда мұнай өндіру көлемі артады. Мысалы, 1 жартыжылдықта 200 мың баррель мұнай өндіретін болады Қашағанда. Бірақ на каких условиях қосыламыз, қандай көлемде шектеу қоямыз, белгісіз қазір.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Энергетика министрі Астанаға газ қашан жетеді деген жауыр болған сұраққа да жауап берді. Құбырдың ұзындығы 1,8 мың шақырым болмақ. Оны Қызылордадан Астанаға тартылады деп үміттеніп отырмыз. Бірақ әзірге жоба тек талқыланып жатыр. Министрдің айтуынша, соңғы тариф өте жоғары болайын деп тұр екен. Тіпті көмірмен немесе сұйытылған газбен салыстырғанда көгілдір отын астаналықтарға қымбатқа түскелі тұр. Бірақ ол қымбат газдың Астанаға келетін күні белгісіз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ