$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Шымкентте «Таза бейсенбі» акциясы аясында Бадам өзенінің жағалауы тазартылды

Шымкентте «Таза бейсенбі» акциясы аясында Бадам өзенінің жағалауы тазартылды

«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» шарасы Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында жалғасын тапты. Экологиялық шара аясында Бадам өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды. Бей-берекет өскен шөптер орылып, қураған бұтақтар мен күл-қоқыстар жиналды. Акцияға ардагерлер кеңесі және бірқатар қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен белсенділер атсалысты. Жалпы 100-ден астам адам қатысты. Жиналғадар өзен жағалауындағы сыры кеткен ағаш отырғыштарды да сырлап, жаңалады. Маусым айынан бері әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өтіп жатқан тазалық жұмыстары барысында бүгінге дейін 20 тоннадан астам қоқыс қала аумағынан шығарылған. 

БАҚЫТЖАН ПОЗИЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ең бастысы бұл жерде жұмыс тиянақты болу керек. Келіп, тек қана 1-2 сағат жұмыс емес, нақты жұмыстардың бәрі естеліп жатыр. Қазір байқасаңыздар өте көп қоқыстар шығарылып жатыр. Ол қоқыстардың барлығы шығарылғаннан кейін бұл жерде бірнеше күннен кейін тағы да бақылау жұмыстары да жүргізіледі. Ойымыз көзбояушылық болмау ғой осы...

ЕРДӘУЛЕТ ЖҮНІСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Тазалайтын аумақтарды әкімшілікпен бірге сол ауудандағы әкімшілікпен бірге ақылдасып, 1 күн бұрын аралап, көріп, қоқыстары көп , жұмысы көп деген жерлерді бірге тағдаймыз. Экологиялық акцияның мақсаты - жастарды, қала тұрғындарын патриоттық сезімге, одан кейін қаланың тазалығын сақтауға шақыру.