Талай жылдан бері жыр болған Талдықорған мен Өскемен арасындағы жол құрылысы кезең-кезеңімен аяқталады. Қазір бес учаскедегі жұмыстар аяқталып, абаттандыру шаралары, қоршау жүргізу, жарық пен жол белгілері орнату жүргізілуде. Бұл орайда халықтың немесе жергілікті басқару органдарының өтініштері мен ескертулері ескеріледі.
ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:
Біз қазір асфальттің Сапа сынамасын алатын құрылғының қасындамыз. Бұл құрылғы керіннің тығыздығы мен суға қанықтылығын анықтауға көмектеседі. Сынама алынғаннан кейін кюар кодпен мөрленген зип пакетке салынып, тексеруге зертханаға жіберіледі.
БОЛАТБЕК АЙТБАЕВ, "ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" РМК БАС ДИРЕКТОРЫ:
Осы күнге дейін 146мың сынама алынған. Ол енді әр жылы әр қалай болады. Ол жұмыс барысына байланысты бізді қаншалықты осындай жұмыстарға жаңағы тартатынына байланысты.
Ол мына алынған сынамалар міндетті түрде ешкім білмейтіндей қылып, штрихкод болады.Сол штрихкод арқылы тек уже зерттеуден өтіп болғаннан кейін ғана анықталады. Қай жерден алынғаны, қай мердігерден алынғаны.
Елімізде барлығы 95 мың шақырым жол болса, оның 25 мыңы- Республикалық маңызы бар жол. Солардың бірі -Талдықорған- Өскемен бағыты. Жылдар бойы жөнделмей халықты әбден әбігерге салған болатын. 768 шақырымдық жолдың 750 шақырымына қазір асфальт төселген. Жарамдылық мерзімі- 10 жыл.
НҰРТІЛЕК ХАСЕНОВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖҰМЫС САПАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жобалардың қаражат тапшылығына байланысты уақытында басталмауынан жобалардың қымбаттауы содан кейін сапа мәселесі одан кейін жаңағы пандемияның да әсері болды. Одан кейін жалпы жол саласындағы мамандардың тапшылығында атап өтуге болады. Осы бірнеше фактор жиынтығында келіп осы жолдардың мәселелері туындайды.
Бұл-жылжымалы жол зертханасы. Сағатына 60 шақырыммен жүреді. Жүріп келе жатып, диагностикалайды.
ДАРХАН ҚАНАТҰЛЫ, "ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" РМК АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ МАМАНЫ:
Бұл құрылғыда бірқатар құралдар орналасқан. Оның ішінде жолдың жағдайын бейнекамераға түсіріп алатындай оған қоса көліктің астында жолдың көлденең және тігінен тегістігін тексеріп алатын құрылғы және де жолдың геометриялық параметрларын тексере алатын және жолдың картадағы GPS координаттарын түсіріп алатын оған қоса жолдың ақауларын түсіріп алатын бейнекамера бар және оған қоса тіркеме құрылғымыз бар.
Биыл елімізде жол жөндеуге 500 млрд теңге қаржы бөлінген. Жауаптылар жыл соңына дейін құрылысы бітпеген 7000 шақырым жолды аяқтап қолданысқа беретіндерін айтты.