$478.16 €534.92 ₽5.18
×

Медицина мекемесінің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды

24.09.2024ж. 20:00
70
Медицина мекемесінің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды

Қостанайда науқасты қарауға келген дәрігерлер көліксіз қалды. Медицина қызметкерлерінің темір тұлпарын мас адам айдап кеткен. Бейнебақылау камералары арқылы автокөліктің қайда екені анықталды. Күдікті дереу ұсталды. 39 жастағы қала тұрғыны 15 тәулікке қамалып,сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айрылды. 

КАРИНА БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі уақытта көлік құралын ұрлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, оның шеңберінде тергеу жүргізілуде. Аталған баптың санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.