Түркістан облысында полицейлер ЖҚЕ бұзған жүргізушілерді камералар арқылы анықтауда, - деп хабарлайды AstanaTV.
Түркістан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығынның қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, оқыс оқиғалардың алдын алуда. Мәселен, 9 айда бейнебақылау камералары арқылы жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамаған 5 800-ден астам жүргізушіге шара көрілді. Сонымен қатар қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ арқылы қозғалған 1000-нан астам көлік иесі анықталып, оларға қатысты заңды шаралар қабылданды. Аталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін сақтамаумен байланысты. Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жол апатының алдын алуға шақырады.