Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстан бойынша 1156 үйді су басты, 4715 адам құтқарылған

AstanaTV
17.04.2017ж. 20:00
2410
Қазақстан бойынша 1156 үйді су басты, 4715 адам құтқарылған

Тасқын судың әлегі сәт санап күшейіп барады. Бүгінге дейін Қазақстан бойынша 1156 үйді су басқан. Бұл туралы Ішкі істер вице министрі Юрий Ильин хабарлады. Наурыз айының 30-ы мен сәуірдің 17-сі  аралығындағы ахуал осылай. Топан судан  4715 адам құтқарылған.

Жағдай әсіресе Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында тым күрделі. Баспанасын тастап, үдере көшкен адамдар жергілікті әкімдік дайындаған бекеттерді паналауға мәжбүр. Абырой болғанда, адам шығыны туралы ақпарат жоқ. Комитет төрағасының хабарлауынша, судың екпіні аздап бәсеңдеген аймақтарда 900-дей адам үйлеріне қайтты.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Иесіз қалған үйлердегі мүліктің тоналуына, яғни морадерлық әрекеттер орын алуына жол бермеуді қатаң қадағалаймыз. Жағдай күні-түні бақылауда. Су басқан ауыл аймақтардың барлығында да жергілікті атқарушы орган өкілдері мен полицейлер күні-түні кезекшілік жасауда.