Елімізде жеңіл көлікті жалға алушылардың қатары көбейді. Бір жылда бұл қызмет 27%-ға артқан. Яғни, 58 млрд теңгеге тең. Тіпті болашақта темір тұлпарды сатып алатындар қатары сирей түспек. Сарапшылар осылай дейді. Толығырақ тілшіміз Дәрібек Бахытбек айтады.
Орынбасар Дидар жарты жылдан бері астындағы көлігін жалға алып, отбасын асырап жүр. Күніне 20-25 мың табады.
ОРЫНБАСАР ДИДАР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Арендаторларда машиананың түрі көп. Енді камфорт класына қарай әртүрлі машиналарды аламыз. Енді мен 10-15 күн сайын машина ауыстырып отырамын. Өйткені неге десеңіздер машинаның түрі көп болғаннан кейін өзіме ыңғайлы. Машиананың жылына байланысты, арендасының бағасына байланысты. Өзімізге қолайлы.
Жалпы нарықта бәсеке күшейген. Әр компания клиенттерін ұстап қалу үшін тарифтік жеңілдіктер мен сапалы қызмет көрсетуді басты орынға қояды. Тек талап 22 жастан ассаң, 2 жыл жүргізу тәжірибең бар болса болғаны. Қалаған көлікті айдай аласың.
КӨЛІКТІ ЖАЛҒА БЕРУ МЕКЕМЕСІ:
Бізде көліктің түрі көп. Бастапқы да сұраныс көп болмады. Қазір енді 1 жылға жуық уақыт болды. Машина алушылардың саны күннен күнге көбейіп бара жатыр. Бағасы 8 мыңнан басталады. Сақтандыруымен бірге.
Көлікті жалға беру – жақсы табыс көзі. Тіпті, соңғы жылдары осыған қызығып, заңсыз жұмыс істейтіндедер көп дейді экономистер. Олар не мемлекетке салық төлемейді, не қызметін заңдастырмайды дейді.
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:
Жалпы азаматтардың егерде осы кәсіппен айналысуы экономикаға оң өзгеріс әкелу керек. Ол бизнестің дамуына, мына қалалардың арасындағы логистиканың жылдам дамуына мүмкіндік береді. Екіншіден осы такси қызметін көрсетушілер мемлекеттің алдында жеке ретінде тіркелетін болса.
Айта кетейік, Қазақстанда ТМД елдері арасында ең қымбат такси қызметтерінің бірі болып саналады.