$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыда қос педагог балабақшадағы пәндерді асықпен өткізу әдісін патенттеді

AstanaTV
17.04.2017ж. 20:00
15878
Алматыда қос педагог балабақшадағы пәндерді асықпен өткізу әдісін патенттеді

Алматылық педагогтар сабақты асықпен өткізу бағдарламасын патенттеді. Қазір қаладағы бала бақшаларда «асық терапиясы» деген жүйемен математика, ән-күй және дене шынықтыру пәндері өткізіліп жатыр. Енді Білім және ғылым министрлігі қолдаса, барлық мектепке дейінге білім орындарына енгізу көзделген. Бүгін шаһардағы 40-қа жуық бала бақшаның жетекшісі жаңа әдіспен танысты.

Сабақ ретінде алатын болсақ, ол мінеки, математикалық счет. Бірден онға дейін. Қосу-алу. Ал мінеки, абак дейміз - баяғыдағы ескі шот. Баланың саусақтары, көзқарасы дамиды.

Мына арнайы бөлмеде қазір 2800 асықтан жасалған түрлі пайдалы бұйым бар. Ол есеп шығаруға, түстерді тануға, музыкалық қабілетті оятуға және логикалық сұрақтарға жауап беруге арналған. Ал мына спорттық жаттығу залында асықтан арнайы жол төселген. Асықпен жалаң аяқ жүру табандағы нүктелерге жетіп, ұйқыдан енді оянған баланың жүйкесіне жағымды әсер етеді. Бастысы дәлдікке, төзімділікке және ұстамдылыққа үйретеді.

Шынар Телғазиева, Алматы қаласы Жетісу аудандық білім бөлімінің әдіскері: 

Осы асық терапия деген осы жерде көріп отырған дүниенің бәрі балаларға барлық жағынан оң әсерін береді. Тәрбие жағынан да, денсаулық жағынан да болсын, ең бастысы, бұл ұлттық тәрбиеміз үшін жасалып отыр.  Осы балабақшадағы барлық сабақ асықтың қатысуымен жүргізіліп жатыр. Орыс тілі де, музыка, математика және дене шынықтыру да осы арқылы түсіндіріледі балаларға. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ