Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жайық өзенінің арнасы 2 күннен соң 7 метрге көтерілуі мүмкін

AstanaTV
18.04.2017ж. 20:00
2383
Жайық өзенінің арнасы 2 күннен соң 7 метрге көтерілуі мүмкін

Жайық өзенінің арнасы 2 күннен соң 7 метрге көтерілуі мүмкін. Өйткені Ресейдің Ириклин суқоймасынан үлкен көлемде су келіп жетпек. Бұл «Қазгидрометтің» батыстағы филиал директоры Дәулет Оралымбековтің мәліметі. Өзен арнасынан асса, Орал қаласының іргесіндегі 26 саяжай қоғамдастығын су басуы мүмкін.

Жайық өзені маңында 3 мыңға тарта адам тұрады. Сондықтан олар үшін уақытша паналау бекеттері ашылған. Егер қалада төтенше жағдай жарияланса, олар үйлерін тастап, осы қосындарға бара алады. Қазір полицейлер саяжай тұрғындарына су тасқынына дайын болу керектігін ескертіп жатыр.

Манарбек Ғабдуллин, БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы:

Есік және терезелерді бекіту, тұрмыста қолданылатын бағалы заттарды жоғары қабаттарға, шатырға, үйдің төбесіне шығару жұмыстарын жүргізу. Егер де көшіретін жағдай болса, біріншіден, құжаттарын, бағалы заттарын бірге алып шығуы керек деп ескертеміз.

Еркін КАРИН