$480.11 €532.25 ₽5.14
×

Тергеу изоляторына 8 литр ішімдік кіргізбек болған

01.10.2024ж. 20:00
99
Тергеу изоляторына 8 литр ішімдік  кіргізбек болған

Тергеу изоляторына коньяк кіргізбек болған. Оқиға Шығыс Қазақстан облысында болды. Сотталушылардың бірінің әйелі жағымсыз иісі бар газдалған сусынды бөтелкемен ішке заңсыз өткізуге тырысады. Ыдыс тәркіленіп, сараптама бойынша онда коньяк бары анықталды. Бұдан бөлек тағы бір сәлемдемені тексеру кезінде пакет шайдың түбінде смартфондар болған. Оған қоса азық-түлік салынған ыдыстардан 4 смартфон табылды. Осылайша 1 апта ішінде келушілер заңсыз өткізбек болған 8 литр ішімдік пен смартфондар тәркіленді. Тыйым салынған заттар алынып, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылды.