$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде тұрғын жол ережесін 119 рет бұзып, қомақты айыппұл арқалады

01.10.2024ж. 20:00
205
Ақтөбеде тұрғын жол ережесін 119 рет бұзып, қомақты айыппұл арқалады

Ақтөбе тұрғыны бір айда 119 рет жол ережесін бұзған. Бұл әрекеті үшін ол 3 млн теңгеден астам айыппұл төлемек. Полиция қызметкерлері жылдамдықты арттырып, жол ережесін бұзған азаматты арнайы бағдарламалық кешен арқылы анықтаған. Ол- шетелде есепте тұрған “Лексус” автокөлігінің иесі 35 жастағы әйел. Ол өзге мемлекетте тіркелген көлікті бейнебақылау құралдары есепке алмайды деп ойласа керек. 

ЕРКІН ӨТЕГЕН, ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қорғау жүйесі арқылы анықталған азаматша жол қозғалысы ережелерін 119 рет бұзған. Жол ережесін бұзушы Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Бұзушылықтар негізінен жылдамдық режимінің асып кетуімен байланысты болған. Айыппұлдардың жалпы соммасы 3 млн 378 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.