$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Нұр Отан» партиясы халыққа МӘМС бағдарламасын түсіндіреді

AstanaTV
19.04.2017ж. 20:00
2720
«Нұр Отан» партиясы халыққа МӘМС бағдарламасын түсіндіреді

«Нұр Отан» партиясының аймақтағы өкілдері халыққа міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру бағдарламасын түсіндіреді. Бұл шараға қоғамдық ұйым өкілдері мен жұмыс берушілер, сондай-ақ медицина қызметкерлері де қатысады. Бүгін партия хатшысы Наталья Годунова Қарағанды қаласының кәсіпорын басшыларымен кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Наталья Годунова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Біздің міндетіміз - халыққа бұл жүйені енгізудің қажет, әрі нәтижелі екенін түсіндіру. Ол жұмыстар қалалар мен аудандарда да жүргізілуі тиіс. Әр адамға медициналық сақтандыру қажеттігі жеткізілуі керек.

Барлық мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын партияның Қарағанды облыстық филиалы бақылайды. Белсенділер атқарылған жұмыспен филиалдың 27-інші кезектен тыс конференциясында таныстырды.

Жыл басынан бері мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысында 4 мыңнан астам іс-шара өткен. «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» Заң жобасы туралы 5 мыңнан астам ақпараттық парақшалар таратқан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестер 11 партия мүшесін партиялық жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ, партия филиалдарында азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бірінші орында тұр. Биыл түскен 2 мыңға жуық шағымның 25 пайызы оң шешімін тапқан.

Айжан ҚУАШ