Түркістан облысында отбасындағы жанжалдан кейін ер адам екі досымен бірге әйелін байлап, Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығына апарып тастаған. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Арызданушының сөзіне қарағанда, күйеуі осы орталықтың қызметкерлерімен алдын ала келісіп, оны ақыл-есі кем деп психикалық денсаулық орталығына орналастырған. Әйел емханада 3 күн болған. Сондай-ақ шағымданушы осы мекемеде болған кезде орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы жеткізді», - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, әйел Түркістан қалалық полиция басқармасына арыз жазғанын, олар алдымен қылмыстық іс қозғаған. Бірақ 2024 жылдың тамызында іс жабылып қалған.
Қазіргі таңда Түркістан қаласының прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, қылмыстық іс қайта қозғалды.