$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде алты жеңіл көлік тиеген автовоз өртеніп, екі адам зардап шекті

02.10.2024ж. 20:00
318
Ақтөбеде алты жеңіл көлік тиеген автовоз өртеніп, екі адам зардап шекті

Ақтөбе облысында алты көлік тиеген автовоз өртеніп, екі адам зардап шекті. Көлікте болған отыз және 28 жастағы екі азамат Қобда аудандық ауруханаға жеткізілген. 

ЗАФИРА АМАНЖОЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Өрт автовоздың мотор бөлігінен басталды. Тиелген автомобильдерге көшкен. Өрт 19.50 минутта толығымен жойылды. Өрт сөңдірушелір көмегімен үш жеңіл көлік өрттен құтқарылды. Өрттің себебі сараптамамен анықталады.

Оқиға Самара-Шымкент тас жолының бойында Қобда ауданына 30 шақырым жерде болған. Зардап шеккендер-қырғыз елінің азаматтары. Олар өртті өздігінен сөндірмек болған көрінеді. Екеуінің де денесін күйік шалған. 

АСҚАР ОРАЗАЛИН, ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Хирург дәрігерлер қарап, диагноз қойылды. Диагнозы бас, бет мойын екі жақ қол басы аймағының және екі жақты аяқ басы аймағының күйік шалуы термический ожог екінші дәрежелі күйіктің көлемі 27 пайыз. Түнде науқастар анезтезиолог және реаниматолог және хирург дәрігерінің бақылауында болды. Жәнеде сағат он жарымда біздің анезтезолог дәрігердің тасымалдауымен екі науқас Ақтөбе қаласына жеткізілді.