$481.84 €531.33 ₽5.07
×

«Denis Ten Memorial Challenge 2024» мәнерлеп сырғанаушылардың бесінші мерейтойлық халықаралық турнирі өтуде

04.10.2024ж. 20:00
47
«Denis Ten Memorial Challenge 2024» мәнерлеп сырғанаушылардың бесінші мерейтойлық халықаралық турнирі өтуде

Астанада «Denis Ten Memorial Challenge 2024» мәнерлеп сырғанаушылардың бесінші мерейтойлық халықаралық турнирі өтуде. Байрақты бәсекеге 25 елден 100-ге жуық спортшы қатысуда. Олар жеке конькимен сырғанау, сондай-ақ мұз биі бойынша кім мықтыны анықтауда. Бәсекені қазір әріптесім Сүндет Оралбек тамашалауда. Тікелей эфирде ақпаратпен бөлісуге дайын. Сүндет спорт кешеніндегі атмосфера қалай? 

СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:

Аренаға жиналғандардың саны өте аз. Дегенмен атмосфера керемет. Жанкүйерлер әрбір спортшыға қиқулап қолдау білдіруде. Саңлақтардың дайындығы да жоғары деңгейде екені көрініп тұр. Түрлі қиын деген жаттығуларды орындап жатыр. Бүгін мұз айдынында жұптық би жарысы мен жекелей сында ересектер мен жасөспірімдер бақ сынауда. Қазір менің қасымда осы жарысты ұйымдастырушылар алқасының мүшесі Динара Әбен тұр. Динара ханым, жарыс қалай өтіп жатыр? Жүздеген спортшының басын қосу қиынға соқпады ма?

ДИНАРА ӘБЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Байрақты бәсекені тамашалауға Канада, Италия, Германия сияқты елдердің мәнерлеп сырғанау федерациясының президенттері арнайы шақыртылған. Сондай-ақ, қазылар алқасында 25 елдің де өкілдері бар. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар бұл спорттағы бәсекелестіктің жоғары деңгейде екенін аңғартты. Сондай-ақ, дүйім жұрттың Денис Тенге деген құрметінің ерекше екенін сездіре білді.