$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Синоптиктер ескерту жасады

AstanaTV
05.10.2024ж. 13:12
72
Синоптиктер ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК Астана, Алматы және тағы алты қаланың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Astana TV.

Синоптиктер сегіз қалада ауа ластанатыны туралы ескертті.

«2024 жылғы 5 қазанда Петропавл, Павлодар, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіліп отыр», – деп хабарлады синоптиктер.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.